Астанада 17 қабатты үйден өрт шықты

Автор: Мөлдір Қазыбай

Бірінші қабаттағы кофехана өртеніп кетті

Фото: ҚР ТЖМ

Астана қаласының Нұра ауданында орналасқан кофеханадан өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Өрт тұрғын үйдің бірінші қабатындағы кофеханада болған

Оқиға Тұран көшесінде орналасқан 17 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы кофеханада болды. Өрт сөндірушілердің мәліметінше, асханадағы желдету жүйесінде май қалдықтары мен қоқыс жанып кеткен.

Өрт жарты сағат ішінде сөндірілді

Шақырту бойынша жедел жеткен ТЖД қызметкерлері өртті жарты сағаттың ішінде толық сөндірді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.