Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 500 мыңнан асты

Автор: Azattyq Rýhy

Мұнда COVID-19 инфекциясынан бір тәулікте 174 адам қайтыс болды

Фото: ашық дереккөзден

Ресейде бір тәулікте 8 779 адамнан коронавирус анықталып, 174 науқас көз жұмды. Осылайша мұнда инфекция жұқтырғандар саны 500 мыңнан асты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ВВС-ге сілтеме жасап.

«Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлем бойынша коронавирустан қайтыс болғандар саны 417 мыңға жуықтап қалды. Ал АҚШ-та 2 миллионнан астам адамнан COVID-19 анықталды. Ресей коронавирус жұқтырғандар саны бойынша АҚШ пен Бразилиядан кейін үшінші орында тұр», - деп жазады басылым.