Нұр-Сұлтанда түтінге тұншыққан 5 адам құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Елордада пәтерлердің кіреберісіндегі қалың түтін арасынан 5 адам құтқарылды, оның біреуі бала, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Фото: баспасөз қызметінен

28 қазанда 13 сағат 13 минутта «101» пультіне Абылай хан көшесіндегі өрт туралы хабарлама түскен. Өрт сөндіру бөлімшелері 6 минуттан кейін оқиға орнына келіп жеткенде, аумағы 10 шаршы метрді қамтыған он қабатты тұрғын үйдің 9-қабатындағы пәтердің қонақ бөлмесінде жиһаздар жанып жатқан.

«Кіреберіс қатты түтіндеп, адамдардың өміріне қауіп төндірді. Тұрғындарды эвакуациялауды газ-түтіннен қорғау қызметінің мамандары ұйымдастырды. 10-ӨСБ өрт сөндірушілерінің жедел әрекет етуінің арқасында 5 адам құтқарылды, оның 1-і бала. Өрт 13 сағат 31 минутта сөндірілді. Оған жеке құрамнан 17 адам және 4 техника қатысты»,- делінген хабарламада.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, өртті сөндіру барысында газдан жеңіл уланған әйел ауруханаға жеткізілген.