Ол – жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жеткен санаулы қазақстандық гимнастардың бірі
Болгария астанасы Софияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалдық кезеңінде Қазақстан спортшысы Ақмарал Ерекешева керемет нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақмарал Ерекешева:
Айғаным Рысбек те финалға шығып, ұршықтармен жаттығуда бесінші орынды иеленді.
Айта кетейік, Ақмарал Ерекешева – жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жеткен санаулы қазақстандық гимнастардың бірі. Оның бұл жетістігі – еліміздегі көркем гимнастика спортының жаңа деңгейге шыққанын көрсетеді.