Дүйсенбі күні ауа райы күрт өзгереді
Қазақстанда алдағы 23 маусым, дүйсенбі күні ауа райы күрт өзгереді. «Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, республика аумағына циклон және оған байланысты атмосфералық фронттар әсер етіп, жаңбыр мен найзағайлы күндер жалғасады. Ал еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде керісінше күн қатты ысиды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Солтүстік пен орталықта нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, екпінді жел тұрады. Оңтүстікте жел шаңды дауылға ұласуы мүмкін. Ал түнгі және таңғы уақытта республиканың оңтүстік-батысында тұман күтіледі», – делінген Қазгидромет хабарламасында.
23 маусымда аптап ыстық күтілетін өңірлер:
Алматы мен Абай өңірлерінде +38° дейін ыстық болады:
Синоптиктер аптап ыстықтан сақ болуға және төмендегідей қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді:
Маусым – Қазақстан үшін өтпелі кезең. Айдың басында жауын-шашынды ауа райы тіркелсе, ай ортасынан кейін құрғақшылық пен ыстық күшейе түседі. 2024 жылғы жазда да еліміздің оңтүстік өңірлерінде +42° дейінгі аптап тіркелген.
Сарапшылардың болжауынша, 2025 жылдың жазы да бұрынғыдан ыстық болуы мүмкін, бұл климаттың ғаламдық өзгерісіне байланысты.