Макинск құс фабрикасында жаппай улану тіркелді
Ақмола облысындағы «Макинск құс фабрикасында» өндіріс цехтарын жуу кезінде алты қызметкер хлор буынан уланып, медициналық көмекке жүгінді. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға орнына шұғыл түрде жедел жәрдем қызметі мен құқық қорғау органдарының өкілдеріжеткен. Қазіргі таңда зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізіліп, тексеруден өтуде.
Полиция мәліметінше, уланудың басты себебі – жұмыс барысында қауіпсіздік техникасының сақталмауы.
«Макинск құс фабрикасының 24 жастағы жұмысшысы цехты хлормен жуу кезінде респираторлық маскасын өз еркімен шешіп тастаған. Кейін ол улану белгілерімен ауруханаға түсті. Қазіргі уақытта фабриканың алты қызметкері осындай белгілермен емдеу мекемесіне жеткізілді», – делінген департаменттің хабарламасында.
Оқиға бойынша ҚР ҚК 156-бабы 1-бөлігі («Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Хлор – тұрмыстық және өндірістік тазарту кезінде жиі қолданылатын улы зат. Ол суға қосылғанда дезинфекциялау қасиетіне ие, алайда:
Сондықтан қорғаныс құралдарын пайдалану – міндетті талап. Фабрика жұмысшысы қауіпсіздік ережесін бұзып, респираторлық маскасыз жұмыс істеген. Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.