Ол ITF жарысында топ жарды
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Испанияның Таусте қаласында өткен ITF W35 сериясындағы турнирде жеңіске жетіп, кезекті чемпиондық атағын иеленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Қазақстан теннис федрациясының хабарлауынша, Финалдық матчта Зарина итальяндық Дилетта Черубинимен (WTA рейтингі – 446) кездесіп, 6:1, 6:7 (4:7), 6:1 есебімен жеңіске жетті. Ойын 2 сағат 1 минутқа созылған.
Қазақстандық спортшы үшін бұл – ITF деңгейіндегі 12-ші чемпиондық жүлде. Бұған дейін Зарина WTA 250 деңгейіндегі бір турнирдің де жеңімпазы атанған болатын.
«Бұл жеңіс Заринаның халықаралық ареналарда қайтадан сенімді ойын көрсетіп келе жатқанын дәлелдейді. Оның тәжірибесі мен кәсіби шеберлігі жас спортшыларға үлгі», – делінген Қазақстан теннис федерациясының мәлімдемесінде.
Таусте қаласында өткен W35 санатындағы турнир – ITF ұйымдастыратын беделді жарыстардың бірі. Мұндай жарыстар: