Полиция оны бір түнде тапты
Семей қаласында 21 маусым кешкісін 7 жастағы баланың жоғалып кеткені туралы хабар тарағаннан кейін, жедел іздеу шаралары басталған. 22 маусым күні таңертең баланы Затон полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары Бекен Асыл мен Дархан Жұмағалиев тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Іздеу операциясына жергілікті полиция департаменті, тұрғындар мен еріктілержұмылдырылып, бала аман-есен табылғаны хабарланды.
Полицияның мәліметінше:
Семей қалалық Полиция департаменті арнайы мәлімдеме жасап, іздеуге атсалысқан барлық азаматтарға алғысын білдірді.
«Баланы іздеу жұмыстарына қатысып, бейжай қарамаған барлық азаматтарға алғыс айтамыз. Осындай бірлік пен жауапкершілік – қоғам қауіпсіздігінің кепілі», – делінген хабарламада.
Полиция ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.
Бала жоғалған жағдайда дереу 102 нөміріне хабарласу қажет.
Алдын алу шаралары: