FDA жаңа дәріні мақұлдады
АҚШ-тың Азық-түлік пен дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасы (FDA) Gilead фармацевтикалық компаниясы әзірлеген Yeztugo атты инъекциялық препаратты мақұлдады. Бұл – АҚШ-та мақұлданған ВИЧ-инфекциясының алдын алуға арналған алғашқы дәрі. Оны жылына небәрі екі рет егу жеткілікті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Препаратты ойлап шығарған Gilead компаниясының мәліметінше, Yeztugo құрамында ленкапавир (lenacapavir) деп аталатын белсенді зат бар. Бұған дейін қолданылған Truvada, Descovy секілді профилактикалық дәрілер күн сайын қабылдануы тиіс болатын. Ал Yeztugo-ның бір инъекциясы алты айға дейін қорғауға қауқарлы.
Purpose 1 деп аталатын клиникалық зерттеуге мыңдаған ерікті қатысқан. Ленкапавирді қабылдағандардың ешқайсысында ВИЧ жұқтыру дерегі тіркелмеген. Бұл препаратты қазіргі уақыттағы ең сенімді профилактикалық құрал ретінде сипаттауға мүмкіндік береді.
Айта кететін жайт, препарат тек алдын алу үшін арналған
Мамандар ескертеді: әрбір инъекция алдында адам міндетті түрде ВИЧ-тесттен өтуі керек. Себебі Yeztugo – тек профилактикалық құрал. Ол ВИЧ-инфекциясын емдеу үшін арналмаған.
АҚШ-та препараттың жылдық бағасы шамамен 28 000 доллар тұрады. Бұл қазіргі брендтік PrEP-бағдарламаларымен шамалас.