Жоба аясында жәрмеңке, сән көрсетілімі ұйымдастырылды
Астанада «Хас шебер» отандық өнімді дамыту қауымдастығы «Ұлы дала қолөнершілер керуен көші» жобасы қолға алды. Іс-шара елорда әкімдігінің қолдауымен өтіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жобаның басты мақсаты – халқымыздың ұлттық қолөнерін заманауи тұрғыда жаңғырта отырып, отандық өнімдердің сапасын арттыру, бәсекеге қабілеттілігін күшейту және дәстүрлі өнердің қоғамдағы рөлін айқындау.
Жоба аясында Астанада жәрмеңке өтті. Жәрмеңкеге келушілерге отандық шеберлердің авторлық бұйымдары мен ұлттық стильдегі кәдесыйларын тамашалап, сатып алуға мүмкіндік беріледі.
Ал осыдан кейін «Хас шебер» отандық өнімді дамыту қауымдастығының ұйымдастыруымен Сән көрсетілімі өтті. Онда ұлттық нақыштағы заманауи киім үлгілері ұсынылатын сән көрсетілімі дәстүр мен қазіргі заман үйлесімін көрсетеді.
«Жоба арқылы ұлттық қолөнерді заманға сай жаңғырта отырып, оны креативті индустрияның бір бөлігі ретінде дамытуды жоспарлап отырмыз. Жоба арқылы отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жергілікті брендтер мен қолөнершілерге кәсіби даму және танылу алаңын ұсыну көзделеді.
Бұл – көшпелі форматтағы шығармашылық-мәдени іс-шара, оның барысында әр аймақтағы қолөнершілер бас қосып, өз туындыларын ұсынады. Жоба тек көрме-жәрмеңке форматымен шектелмейді, ол сән көрсетілімдерін, шығармашылық шеберлік сыныптарын, пікір алмасу кездесулерін және жастарға арналған лекциялар мен диалогтық сессияларды қамтиды. Іс-шараға қатысушылар тек көрермен ғана емес, сонымен қатар интерактивті түрде қатыса алатын тұтынушылар мен келешек кәсіпкерлер болып табылады. Бұл формат шығармашылық әлеуетті оятуға, шеберлер мен дизайнерлерге өз өнімдерін насихаттап, нарыққа бейімдеуге, ал қоғамға ұлттық өнер мен заманауи трендтердің симбиозын ұсынуға бағытталған», - дейді «Хас шебер» отандық өнімді дамыту қауымдастығының президенті Зиуар Жұманова.
«Жоба аясында дәстүрлі мәдениет пен инновациялық тәсілдерді біріктіру арқылы жаңа мәдени кеңістік қалыптасады. Бұл өз кезегінде мәдениетті креативті экономикаға айналдыру жолындағы нақты қадам бола алады.
Бұл бастама – ұлттық мәдени мұраны жаңғыртып, оны заманауи креативті индустриямен тоғыстыратын платформа. Ол мәдени және экономикалық жаңғырудың тетігіне айналуы мүмкін.
Егер «Ұлы дала қолөнершілер керуен көшін» жүйелі түрде әрі тұрақты форматта өткізу мүмкін болса, ол Қазақстанның мәдени брендін халықаралық деңгейге шығаруға және ұлттық креативті өнімдердің танымалдығын арттыруға ықпал етеді», - дейді «Хас шебер» отандық өнімді дамыту қауымдастығының вице-президенті Құралай Әсемқұлова.
Қысқа мерзімді:
Ұзақ мерзімді:
Тұрақты ұйымдастырылған жағдайда жобаның әлеуеті:
Креативті индустриямен байланысы: