Қазақстанда фитобақылау ережелерін бұзу фактілері көбейді

Автор: Дәулет Ботагөз

Жарты жылда 130 миллион теңгеден астам айыппұл салынды

Фото: ЖИ арқылы жасалды/ChatGPT

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында елімізде фитосанитариялық бақылау саласында 1 342 заңбұзушылық анықталып, 130,7 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

1300-ден аса жағдай тіркелді

Министрлік дерегінше:

  •  65 рет карантиндік өнімді елге заңсыз енгізу әрекеті тоқтатылған;
  • 79 халықаралық хабарлама (нотификация) жолданған;
  • Құқық бұзушыларға жалпы сомасы 130 миллион теңгеден асатын айыппұл салынған.

«Жарты жылда фитосанитариялық талаптарды бұзу деректері көбейіп отыр. Бұл – елге қауіп төндіретін аурулар мен зиянкестердің кіру қаупін арттырады», – делінген министрлік хабарламасында.

Шекарадағы бақылау күшейтілді

Фитобақылаудың әлсіреуі ел аумағына қауіпті зиянкестер мен аурулар таралуына жол ашуы мүмкін. Осыған байланысты шекара аймақтарында бірқатар шара қолға алынған:

  • ЕАЭО елдерімен шекаралас өткізу бекеттеріне фитосанитарлық инспекторларорналастырылды;
  • Жылжымалы зертханалар іске қосылып, карантиндік өнімдерді жедел диагностикалау жүргізілуде;
  • 145 заңсыз тасымалдың жолы кесілді.

Ақтөбе облысында пилоттық жоба іске қосылды

Бұдан бөлек, Ақтөбе облысындағы «Әлімбет» өткізу пунктінде карантиндік құжаттарды электронды рәсімдеу жүйесі пилоттық режимде іске қосылды. Бұл – фитосанитарлық құжат айналымын жеделдетіп, жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған бастама.

Фитобақылау не үшін маңызды?

Фитосанитариялық бақылау — карантиндік зиянкестер мен аурулардың ел аумағына таралуына жол бермеу үшін қажет. Егер фитобақылау осал болса, бұл отандық ауыл шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді.