Қазгидромет алдағы жексенбіге арналған ауа райының болжамын ұсынды
2025 жылдың 22 маусымында, жексенбі күні Қазақстан аумағында ауа райы әртүрлі болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазгидрометке сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, республика аумағының басым бөлігіне циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді.
«Жексенбі күні еліміздің көптеген өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыс, солтүстік-батыс пен солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін. Жел күшейіп, күндіз солтүстікте және оңтүстікте шаңды дауыл тұрады», – делінген Қазгидромет таратқан хабарламада.
Ауа райының күрт өзгерісіне қарамастан, кейбір облыстарда күн қатты ысиды. Метеорологтардың мәліметінше:
Қазгидромет пен ТЖД мамандары тұрғындарды жаңбырлы және ыстық ауа райындақауіпсіздік шараларын ұстануға шақырады:
Маусым айында еліміздің түрлі аймағында ауа райы күрт құбылып тұр. Бір апта бұрын Шымкентте найзағай мен нөсер жауын салдарынан ағаштар құлап, көліктерге зиян келген еді. Ал Қызылордада ыстық 44 градусқа дейін көтеріліп, төтенше ескерту жарияланған болатын.