Алакөл ауданында 1655 гектар жер заңсыз пайдаланылып келген
Жетісу облысының Алакөл ауданында кадастрлық құны 100 миллион теңгеден асатын 1655 гектар жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды. деп хабарлайды Azattyq Rýhy өңірлік прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Прокуратура мәліметінше, уақытша пайдалануға берілген жерлердің мерзімі біткеніне қарамастан, жергілікті атқарушы орган оларды мемлекетке қайтару бойынша ешқандай шара қабылдамаған. Бұл жағдай құқықтық тұрғыда заңбұзушылық болып саналады.
«Қадағалау актісі негізінде жалпы көлемі 1655 гектар болатын 14 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Олардың кадастрлық құны 100 миллион теңгеге жуықтайды», – делінген прокуратура таратқан ақпаратта.
Нақты қайтарылған учаскелер бойынша:
Соңғы жылдары Қазақстанда пайдаланылмай жатқан немесе заңсыз берілген ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекетке қайтару бойынша бірқатар шаралар қолға алынған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та бұл мәселеге ерекше назар аударып келеді. 2023 жылы ғана ел бойынша 5 миллион гектардан астам жер мемлекетке қайтарылған болатын.
Бұл үрдіс Жетісу, Ақмола, Түркістан, Атырау секілді облыстарда белсенді жүріп жатыр. Қайтарылған жерлер кейін арнайы конкурс арқылы қайта бөлінеді немесе агросекторды дамытуға бағытталады.