Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында темекі өнімдерін заңсыз әкелу әрекеті тоқтатылды
17 маусымда Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы «Аухатты» автобақылау бекетінде темекінің заңсыз партиясы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қаржы министрлігі Мемлекеттік крістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекеттік кірістер органдары мен шекара қызметінің бірлескен шаралары нәтижесінде Қырғызстаннан келе жатқан жүк автокөлігінің жасырын бөлігінде хабарланбаған 198 мың қорап «Oris» темекісі анықталды», - деп жазылған хабарламада.
Темекі өнімдерінде акцизделетін өнім үшін көзделген сәйкестендіру құралдары жоқ.
Іс жүргізу шешімін қабылдау үшін барлық материал Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.
Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы тауарлардың заңсыз қозғалысын тоқтату мақсатында Шекара қызметімен бірлескен шаралар жалғасатынын хабарлады.
Еске сала кетейік, Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы «Тажен» өткізу бекеті осы жылдың бірінші қыркүйегіне дейін жабылды. Осыған байланысты қарапайым азаматтар, жеңіл көліктер мен автобустар, жүк көтергіштігі 3,5 тоннаға дейінгі авттокөліктер үшін қозғалыс уақытша тоқтайды.