Иран мен Израильден тағы 144 қазақстандық эвакуацияланды

Автор: Асыл Арман

Қазақстан өз азаматтарын Израиль мен Ираннан эвакуациялауды жалғастыруда

Фото: ҚР СІМ

Иран мен Израиль арасындағы әскери қақтығыстарға байланысты Қазақстан өз азаматтарын аталған елдерден эвакуациялап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, үйлестірілген эвакуациялық іс-шаралар аясында Израильден 66 қазақстандықты (Мысыр аумағы арқылы), Ираннан 78 азаматты (Армения арқылы – 73, Әзербайжан – 2, Түрікменстан – 3) шығарды.

«Иран және Израильдегі қазақстандық дипломаттар өз азаматтарына қажетті консулдық-құқықтық көмекті қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда.

ҚР СІМ Израиль, Мысыр және Армения билігіне өз ризашылығын білдіреді, сондай-ақ қазақстандықтарды эвакуациялауға қолдау көрсетіп жүрген ирандық, әзербайжан және түрікмен әріптестеріне қайта алғыс айтады. Бірлескен күш-жігердің арқасында азаматтарымыз үйлеріне аман-есен оралуға мүмкіндік алуда», - делінген ҚР СІМ хабарламасында.