$ 538.57  629.48  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Таразда есірткі шығаратын ірі өндіріс орны анықталды

ҰҚК операциясы: ірі синтетикалық есірткі өндірісі әшкереленді

Таразда есірткі шығаратын ірі өндіріс орны анықталды
Фото: ҰҚК

Осы жылдың мамыр айында Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарымен бірлесіп, Тараз қаласында синтетикалық есірткі өндірісін жою бойынша ірі операция жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Операция барысында 66 килограмнан астам мефедрон психотропты заты мен 2 тонна прекурсор тәркіленіп, есірткі өндіруге арналған зертханалық жабдықтар табылды.

Күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды

Операция нәтижесінде есірткі өндірумен айналысқан Қазақстан азаматы ұсталып, оған қатысты соттың санкциясымен қамауға алу шарасы қолданылды.

Қылмыстық іс қозғалды: тергеу жүріп жатыр

Қазіргі таңда қылмыстық кодекстің 297-1 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысы жүргізілуде. Алайда, қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді.

Серіктес жаңалықтары