Қазақстанда есірткі айналымын бақылауға бағытталған іс-шараның екінші кезеңі өтті
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі «Заң және тәртіп» қағидаты аясында есірткі және психотроптық заттардың заңды айналымын бақылауды күшейту бойынша жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2025 жылғы 9-13 маусым аралығында елімізде «Дәрмек» жедел-алдын алу іс-шарасының екінші кезеңі өтті.
709 нысан тексерілді:
Түркістан облысында медицина қызметкерлерінен құралған ұйымдасқан қылмыстық топ анықталды. Олар ұзақ уақыт бойы «трамадол» препаратын алуға арналған жалған рецептер жасап келген. Барлық тұлғалар ұсталып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Шығыс Қазақстан облысында прекурсорларды импорттап-экспорттайтын ірі кәсіпорынға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, 380 мың тонна прекурсор тәркіленді.
ІІМ есірткі және прекурсорлармен заңды айналысатын барлық заңды тұлғаларды сақтау, тасымалдау, пайдалану және өткізу ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Бұл талаптарды бұзу әкімшілік те, қылмыстық та жауапкершілікке алып келеді, — деп ескертті ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.