Оқиғаға қатысты полиция түсініктеме берді
Маңғыстау облысының полиция департаменті аймақта табылған белгісіз ұшатын аппаратқа қатысты ресми түсініктеме берді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ұшатын құрылғы халық тығыз орналасқан жерлерден алыс, шалғай аумақта табылған.
«Қандай да бір материалдық шығын келтірілген жоқ. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп мәлімдеді полиция өкілдері.
Белгісіз ұшатын аппарат 2025 жылғы 19 маусым күні күндіз, Қарақия ауданының аумағында, нақтырақ айтқанда, Болашақ шекара маңындағы теміржол станциясы маңында табылған.