Нұрлан Қоянбаев та халықтан 1 380 теңгеден «жинауға» кірісті (ВИДЕО)

Автор: Алмас Ерсін

Әнші Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойын 1 380 теңгеден төлеген халыққа онлайн көрсеткен болатын

Фото: instagram.com/koyanbayevnurlan/?hl=ru

Әзілкеш Нұрлан Қоянбаев халыққа қалжың аралас үндеу тастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.  

«Мальдивте бір кішкентай арал 2-3 млн доллар тұрады екен! 1000-1280-1380 теңгеден жинап сатып аламыз ба? Тыныш қана әлемдегі бүкіл пайдасы бар бизнесті сатып алу керек», - деп әзілдеді Қоянбаев.

Желі қолданушылары оның қалжыңын іліп әкетті.

«Мен тізім жасайын, кім берді, кім берген жоқ, есебін жариялап отырамын», «Бастайық, мен 1 миллион тастаймын», «1 380 теңге қайдан шыққан баға?», «Нұреке алып қойып, ақырын ғана ойнатып жатырсыз-ау», - деп жазды олар.

Еске сала кетейік, жақында Сәкен Майғазиев ұлын үйлендіріп, Алматыда дүркіретіп той жасады. Ол тойды 1 380 теңгеге онлайн көрсетемін деп басы дауға қалған болатын. Кейінірек халықтың сынына жауап беріп, бұл идеяны досы Мейрамбек Бесбаев айтқанын мәлімдеді.

«Бұл Мейрамбектің бүкіл қазақ халқына жасаған сыйлығы деуге де болатын шығар. Өйткені үйде отырған, декретте отырған, төсек тартып жатқандар көреді», - деп атап өтті Майғазиев.