Дипломаттар қазақстандықтарға Израиль мен Иранда қалай әрекет ету керектігін түсіндірді
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайдың одан әрі ушығу қаупінің жоғары болуына байланысты Иран мен Израильдегі ел азаматтарына үндеу жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомство Иран Ислам Республикасы мен Израиль Мемлекетінде жүрген Қазақстан азаматтарын қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, қырағылық пен сақтық танытуға, аталған елдердің билігі қабылдаған қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз орындауға және Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерімен байланыста болуға шақырды.
«Аталған мемлекеттердің астаналарында (Тегеран және Тель-Авив қалаларында), сондай-ақ Горган мен Бандер-Аббас қалаларында орналасқан Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері қалыпты режимде жұмысын жалғастырып, отандастарға жан-жақты қолдау көрсетуде», - деп жазылған хабарламада.
Сыртқы істер министрлігімен және шетелдегі дипломатиялық өкілдіктермен жедел байланыс телефондары:
Қазақстанның Ирандағы елшілігі (Тегеран қ.):
Қазақстанның Горгандағы Бас консулдығы:
Қазақстанның Бандер-Аббастағы Консулдығы:
Қазақстанның Израильдегі елшілігі (Тель-Авив қ.):
ҚР Сыртқы істер министрлігі: