Істі тергеу Ішкі істер министрлігіне жүктелді
Бас прокуратура 16 млн қазақстандықтың жеке деректері желіге тарап кетуіне қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
«Бас прокурор Берік Асыловтың тапсырмасы бойынша азаматтардың жеке деректерінің таралу фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 147-бабы (жеке өмірге қолсұғушылық) бойынша қылмыстық іс тіркелді», - дейді бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев.
Белгілі болғандай, Істі тергеу Ішкі істер министрлігіне жүктелді.
Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанда 16 млн адамның жеке деректері желіге тарап кеткені хабарланған болатын.