«ҚазАвтоЖол» оқиғаға қатысты түсініктеме берді
Қазақстанда ауа райының күрт ысуы салдарынан республикалық автожолда цементбетон плиталары жарылып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы (Қосақ өткізу пункті) бағыты бойынша өтетін республикалық маңызы бар автожолдың бір бөлігінде ауа температурасының күрт көтерілуіне байланысты жол жабынына зақым келді.
Қатты ыстық салдарынан цементбетон жабынның плиталары көтеріліп кеткені анықталды.
Жол қызметтері жылдам әрекет етіп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін:
Мамандардың айтуынша, плиталардың көтерілуі – ауа температурасының ұзақ уақыт жоғары болуы кезінде цементбетон жабындарында жиі кездесетін табиғи құбылыс.
Жол жөндеу жұмысы жолаушылардың және жүк көліктерінің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында жедел түрде жүргізіліп жатыр.
Жүргізушілерге жол белгілеріне мұқият болу, жылдамдық режимін сақтау және жөндеу учаскесінен өткенде сақтық таныту ұсынылады.