Ол 23 мамырында сағат 20:35 шамасында ұсталған
Жезқазған қаласында көлік нөмірін жасырып жүрген жүргізуші ұсталып, бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әкімшілік іс Жезқазған қаласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралған. Іс бойынша жүргізуші 2025 жылдың 23 мамырында сағат 20:35 шамасында Жезқазғанның Мира көшесінде Hyundai Elantra маркалы көлігін жүргізіп, көлік нөмірін жасырған.
Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, хаттамада көрсетілген мән-жайларды растады. Видеоматериалдар, инспектордың түсініктемесі және басқа да дәлелдер құқық бұзушылықтың жасалғанын толықтай дәлелдеді.
Сот жүргізушінің кінәсін мойындағанын және өкінгенін жеңілдететін жағдайлар ретінде есепке алып, ауырлататын жағдайлардың жоқ екенін атап өтті.
Нәтижесінде, сот шешімімен құқық бұзушы бір тәулікке әкімшілік қамауға алынып, бір жылға көлік басқару құқығынан айырылды.