Қазақстанда моноқалаларды дамытуға 500 млрд теңгеден астам инвестиция салынды

Автор: Асыл Арман

2025-2028 жылдар аралығында 82,4 млрд теңгеге 41 жоба іске асыру көзделіп отыр

Фото: facebook.com/Аркалык city

Қазақстанда моноқалаларды дамытуға 2020-2024 жылдар аралығында 512,4 млрд теңге инвестиция салынған. Бұл туралы моноқалаларды дамыту мәселелері жөніндегі кеңес отырысында ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мемлекеттік қолдау тұрақты бөлініп отыр

Вице-министрдің айтуынша, моноқалалардағы инфрақұрылымды жақсарту үшін орталық мемлекеттік органдар мен облыс әкімдіктері жыл сайын қаржы бөліп келеді.

2020-2024 жылдары – 512,4 млрд теңге:

  • Республикалық бюджеттен – 241,6 млрд теңге;
  • 2024 жылы жоспарланған қаржы – 106,6 млрд теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен — 28,7 млрд теңге.

Келесі кезеңде 41 жоба іске асады

Отырыста «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында моноқалаларды қолдау жалғасатыны айтылды.

2025-2028 жылдар аралығында 82,4 млрд теңгеге 41 жоба іске асыру көзделіп отыр.

Бұл бастамалар өңірлік теңгерімді дамыту, жұмыс орындарын көбейту, сондай-ақ инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңарту мақсатында жүзеге асырылып жатыр.