Transfermarkt жас вундеркиндке рекордтық баға қойды
Қазақстан құрамасының вингері және алматылық «Қайрат» клубының жас ойыншысы Дастан Сәтпаев ел чемпионатындағы ең қымбат футболшы атанды. Бұл туралы футболшылардың нарықтық құнын бағалайтын беделді Transfermarkt порталы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бар болғаны 16 жастағы вундеркиндтің қазіргі трансферлік құны 1,8 миллион еуроға жетіп, Премьер-лигадағы барлық ойыншыдан асып түсті.
Ең қымбат бес ойыншы (2025 жылғы маусым):
2024 жылдың басында Дастан Сатпаевтың нарықтағы бағасы 500 мың еуро шамасында болған. Алайда керемет ойынының арқасында ол бір маусым ішінде құнын 1,8 млн еуроға дейін көтерді. Бұл көрсеткіш оған Қазақстан құрамасындағы ең қымбат ойыншылар тізімінде 4-орын алуға мүмкіндік берді.
Ұлттық құраманың қымбат ойыншылары:
2025 жылдың ақпанында алматылық «Қайрат» ресми түрде Дастан Сәтпаевтың Лондонның «Челси» клубына сатылғанын хабарлады. Бірақ жас ойыншы 18 жасқа толғанға дейін, яғни алдағы 1,5 жылды Қазақстанда, өзінің туған клубында өткізеді.
Дастан Сәтпаев биылғы маусымда 13 матчқа қатысып, 8 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген. Бұл көрсеткіш – тек Қазақстанда емес, халықаралық деңгейде де үлкен назарға ілініп отырған нәтиже.