Шенеунік қамауға алынды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мамандары Шымкент қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысын ұстады. Оған аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылуда.
«Басқарма басшысы 2019 жылдың ақпан-тамыз айлары аралығында мердігермен сөз байласып, оның компаниясымен келісімшарт жасасқан. Келісімшарт негізінде пайдалануға мүлдем жарамсыз топографиялық фототүсірілімдерді аса ірі қаржыға сатып алған», - делінген аталған ведомство таратқан хабарламада.
9 маусымда басқарма басшысы қамауға алынған. Оның үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.