Сот ата-ана құқығынан айыру және шектеу туралы істерді қарады
Семейде мектеп оқушысын аяусыз соққыға жыққан балалардың әке-шешесі ата-ана құқығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2025 жылдың сәуір-мамыр айларында Абай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында үш азаматтық іс қаралды. Істер Семей қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның талап арыздары негізінде қозғалған.
Кәмелетке толмаған баланы соққыға жыққан алты ата-ананың үшеуі комиссия шешіміне шағым түсірген, қалғандарына қатысты сот келесі шешімдерді қабылдады:
Сот шешімдерінде мынадай мән-жайлар негізге алынды:
Кәмелетке толмаған қыз балалар қазіргі уақытта қамқоршылық органдарының қарауында. Ата-аналардан алимент пен мемлекеттік баж өндірілді.
Үшінші талап бойынша сот тараптар – баланың ата-анасы мен талапкер өкілінің экстерриториялық соттылық туралы өтінішін қанағаттандырып, істі басқа облысқа жіберу туралы шешім шығарды.
Соттың қабылдаған шешімдері кәмелетке толмағандардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сонымен бірге тәрбиелену мен дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Бұл тәжірибе ата-аналық жауапкершіліктен жалтаруға жол бермейтін нақты құқықтық ұстанымды көрсетеді.
Айта кетейік, Семейде бір топ оқушы жасы кіші баланы аяусыз ұрып, мүшеқапты үрлеуге мәжбүрлегені туралы желіде видео тарап, бұл іс артынша қоғамдық резонанс тудырған.