$ 525.87  614.37  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда 2025 жылы қандай мамандық иелері сұранысқа ие

Министрлік сұранысқа ие мамандардың тізімін жариялады

Қазақстанда 2025 жылы қандай мамандық иелері сұранысқа ие
Фото: istockphoto.com

Алдағы 5 жылда Қазақстан экономикасына шамамен 3 миллион маман қажет болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің болжамына сәйкес, 2029 жылға дейін жұмыс күшіне жалпы сұраныс 2,9 миллион адамды құрайды. 2025 жылдың өзінде 239,2 мың маман қажет.

Ең сұранысқа ие мамандықтар қатарында әлеуметтік сала өкілдері мен жұмысшы мамандықтарының иелері бар:

  • Жүргізуші – 67,8 мың;
  • орта медициналық персонал (пациенттерге күтім жасау) – 67,8 мың;
  • бухгалтер – 62,8 мың;
  • бастауыш сынып мұғалімі – 38,7 мың;
  • балабақша тәрбиешісі – 29,1 мың;
  • сантехниктер – 27 мың;
  • тракторшы – 22,2 мың;
  • құрылысшы мен монтажшы – 19,3 мың;
  • тігінші мен киім жөндеуші – 10 мың.

Министрлік мәліметінше, елге нақты экономика секторына бағытталған практикалық мамандар қажет: медицина, білім беру, көлік, ауыл шаруашылығы және құрылыс салаларында.

Оларға деген сұраныс жыл сайын өседі:

  • 2026 жылы259,9 мың адам;
  • 2027 жылы268,7 мың;
  • 2028 жылы239,4 мың;
  • 2029 жылы235,7 мың.

Сонымен қатар, Қазақстанда кадрларды қайта даярлау бойынша бірқатар бағдарлама жүзеге асып жатыр, дуальді оқыту жүйесі ынталандырылып, аймақтардың қажеттіліктерін ескере отырып, мамандықтарға деген сұранысты цифрлық болжау жұмысы жүріп жатыр», – деп мәлімдеді Еңбек министрлігі.

Серіктес жаңалықтары