Олар автокортеж болып жүріп өткен
Оралда Marvel кейіпкерлері киген автокөлік шеруі жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 15 маусым күні Орал қаласында патрульдік полиция қызметкерлері бірнеше көліктен тұратын автокортежді тоқтатты. Көліктердегі жүргізушілер мен жолаушылардың барлығы Marvel киноәлемінің танымал кейіпкерлерінің костюмдерін киген.
Алайда ерекше образ олардың жол ережесін бұзған жауапкершілігінен босатпады. Барлық қатысушыға әкімшілік хаттама толтырылды.
Тексеру нәтижесінде полиция қызметкерлері мынадай құқық бұзушылықтарды анықтады:
Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті азаматтарды жолда барынша тәртіп сақтауға және жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз орындауға шақырады. Мерекелік шерулер, креативті костюмдер мен ерекше безендірулер – жолда жауапкершілік пен қауіпсіздік талаптарын елемеуге себеп болмауы тиіс.