Атырау қаласының іргесінде «Ақ Жайық» қорығы өртеніп жатыр

Автор: Асыл Арман

Қамыс өртін ТЖМ арнайы техникамен ауыздықтады

Фото: ҚР ТЖМ

Атырау қаласынан 15 шақырым жерде орналасқан Еркінқала ауылы маңында, «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында қамыс өсімдіктері өртенді. Өрт оқшауланып, жағдай бақылауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

100 тонна су төгілді – тікұшақ 33 рет көтерілді

Өрт сөндіру жұмысы «Қазавиақұтқару» АҚ-ның МИ-8 тікұшағының көмегімен жүргізілді. Тікұшақ арнайы су төгу құрылғысымен жабдықталған. Барлығы 33 мәрте ұшып, шамамен 100 тонна су төгілді.

Бір ошақта қамыс әлі жанып жатыр

Қазіргі уақытта бір ошақта 7 гектар аумақта қамыстың бықсуы байқалып отыр. Бұл аймақта толықтай сөндіру және бақылау жұмысы жалғасуда.

80 адам, 23 техника жұмылдырылды

Өрт сөндіруге Төтенше жағдайлар департаменті мен «Ақ Жайық» табиғи резерватының қызметкерлері тартылды. Жедел әрекет етуге барлығы 80 адам және 23 техника бірлігі жұмылдырылды.