Тоқаев Ауғанстан бойынша өзінің арнаулы өкілін тағайындады

Автор: Асыл Арман

Бұл лауазымға Еркін Тұқымов тағайындалды

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан бойынша өзінің арнаулы өкілін тағайындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасы президентінің Ауғанстан бойынша арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды», - делінген Ақорда хабарламасында.

Айта кетейік, осыған дейін Еркін Тұқымов Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымынан босатылғаны хабарланған болатын.