Батыс Қазақстан облысында он тұрғын үй мемлекет меншігіне өтті

Автор: Алмас Ерсін

Жергілікті атқарушы билік өз міндетін орындамаған

Фото: © istockphoto.com

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үйді бөлу саласында заң бұзушылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық прокуратураның мәліметінше прокурорлар 2017-2025 жылдар аралығында салынған тұрғын үйлердің құрылысын тексеріп шыққан.

«Нәтижесінде жалпы құны 53 млн теңге болатын 10 тұрғын үйдің мемлекет меншігіне тіркелмегені анықталды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі өз міндетін орындамаған", - деп жазылған хабарламада.

Атап айтқанда тұрғын үйлерді жергілікті атқарушы органдардың балансына қабылдау үшін қажетті мемлекеттік қызметтерге ақы төленбеген. Соның салдарынан бұл тұрғын үйлерді мақсатына сай пайдалануға мүмкіндік болмаған. 

Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде барлық 10 нысан тіркеліп, мемлекет меншігіне қайтарылды. Міндетін орындамаған сала мамандары жауапкершілікке тартылды.