Себеп – тиімсіз басқару және бюджет қаржысының орынсыз жұмсалуы
Қазақстанда Антикоррупцияға қарсы қызмет пен Мәдениет және спорт министрлігіспортты қаржыландыру саласындағы коррупциялық тәуекелдерге сыртқы талдау жүргізді. Тексеру нәтижесінде 11 спорт нысаны мемлекеттік балансқа қайтарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Агенттік мәліметінше, кәсіби клубтар өз инфрақұрылымын дамыту орнына, бюджет ақшасын
«Жалпы 50-ден астам ұсыныс енгізілді. Олар спортты дамытудың басымдықтарын қайта қарауға, оқу-жаттығу жиындарын қатаң бақылауға, клубтар мен федерациялардың бюджеттерін қысқартуға, қаржыны орталықтандыруға және цифрландыруды енгізуге бағытталған», – делінген Антикордың баспасөз қызметітаратқан мәліметте.
2024 жылдың желтоқсаны мен 2025 жылдың наурызында сала ережелеріне өзгерістер енгізілді:
Енді мемлекеттік қаржы алатын футбол клубтарында:
2025 жылдың 15 сәуірінде «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңға өзгеріс енгізіліп, Туризм және спорт министрлігіне келесідей өкілеттік берілді:
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында кәсіби спортқа бөлінетін қаржы 6,7 млрд теңгеге қысқартылып (60,5 млрд теңгеден 53,8 млрд-қа дейін түсті). Сонымен қатар:
«Қабылданған шаралар – отандық спорт пен жас ұрпақтың спорттық әлеуетін дамытуға бағытталған», – деп атап өтті Антикор агенттігі.
Соңғы жылдары кәсіби спортты қаржыландыру саласында бақылаудың әлсіздігі, көрсеткішсіз шығындар және тиімсіз менеджмент жиі сынға ұшырап келеді. Осы тексерулер мен заңнамалық өзгерістер мемлекеттік қаражаттың тиімді жұмсалуына және спорттағы әділдікті арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.