11 маусымға арналған ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады

Фото: ашық дереккөзден

11 маусым күні Қазақстанның басым бөлігінде күн жылы болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазақстанның басқа өңірлерінде жаңбыр жауып, жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл болады.

Қызылорда, Павлодар, Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында жел секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады.

Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Қарағанды, Паалодар, Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.