Өрт сөндіруге тікұшақ тартылды
Атырау облысының Еркінқала ауылынан шамамен 15 шақырым жердегі «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында шамамен 600 гектар қамысты алқап өртеніп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» АҚ-на тиесілі МИ-8 тікұшағы су төгу құрылғысымен жабдықталып, өрт ошақтарына 9 мәрте су төкті. Жалпы 27 тонна су қолданылған.
Қазіргі уақытта өрттің елді мекендерге таралу қаупі жоқ.
Өрт сөндіруге жұмылдырылғандар:
Командалық-штабтық көлік арқылы байланыс орнатылды. Оқиға орнында дер кезінде ақпарат алмасу және үйлестіру мақсатында арнайы командалық-штабтық автокөлікпен байланыс қамтамасыз етілген.
Қазіргі таңда 300 гектар аумақта өрт сөндіру жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр.