Қызмет бабын және жақын туыстық қатынасты пайдаланып жасалған жантүршігерлік қылмыс
Жамбыл облысында кәмелетке толмаған қыз баланың туыстары тарапынан ұзақ уақыт бойы зорлануына қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сот алдында жауап бергендер – жәбірленушінің әкесінің туған ағалары, яғни М. және Н. Олар Мойынқұм ауданында тұратын туыстарының үйінде, үйде өзге адамдар болмаған кезде, кішкентай қыз балаға қатысты қатыгез әрі жүйелі түрде жыныстық зорлық-зомбылық жасаған.
Олар қыздың жас ерекшелігі мен дәрменсіздігін пайдаланып, күш қолдану арқылы бірнеше рет зорлаған.
Сотта қыздың өзі, оның заңды өкілі, куәлер, сондай-ақ сараптама қорытындылары мен заттай дәлелдемелер арқылы айыпталушылардың кінәсі толық дәлелденді.
Прокурор: М.-ға 20 жыл, Н.-ды өмір бойына соттауды сұрады.
Жәбірленуші тарап: ең қатаң жаза тағайындауды талап етті.
Сот үкімімен:
Сот қосымша жаза ретінде кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге өмір бойы тыйым салды.
Сонымен қатар, М.-дан моральдық зиян ретінде 3 млн теңге, Н.-нан 5 млн теңге өндіру туралы шешім қабылданды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Бұл қылмыстық іс 2023 жылдың қазанында қоғам назарына іліккен болатын. Қазақстанның бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Закиева жәбірленуші қыздың жағдайын жариялап, облыс әкімінің орынбасары төрағалық еткен комиссия отырысының нәтижесінде аудан әкімінің орынбасары мен мектеп директоры бойынша шаралар қабылданғанын хабарлаған еді.