Алматы облыстық сотының 9 судьясынан коронавирус анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Талдықорғандағы облыстық сот ғимараты карантинге жабылды

Фото: ашық дереккөзден

Талдықорғанда Алматы облыстық сотының 9 судьясынан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Өкінішке қарай, облыстық соттың 9 судьясынан коронавирус анықталды. Олар дәрігерлердің бақылауына алынып, бірден оқшауланды. 8-19 маусым аралығында сот ғимараты карантинге жабылады. Сот қызметкерлерінің бәрі жеті күн үй карантинінде болады. Жұмыс онлайн режимге көшірілді», - деді облыстық сот төрағасы Есіл Әбдіқадыров.

Оның айтуынша, аудандық соттар қатаң санитарлық талаптарды орындай отырып штатты режимде жұмыс істеп жатыр. Сот ғимаратына баруға тыйым салынды. 

Естеріңізге сала кетсек, кеше Алматы облыстық сотының ғимараты карантинге жабылып, сот істерін қарау кейінге шегерілетінін хабарлаған едік.