Министрлік пен Мета жасөспірімдердің цифрлық қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев пен Meta компаниясының вице-президенті доктор Саймон Милнер жасанды интеллектіні дамыту, кадр даярлау, киберқауіпсіздік және әсіресе онлайн ортада балаларды қорғау мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Meta компаниясы 16 жасқа дейінгі пайдаланушыларға арналған жаңа Instagram функциясы — «Жасөспірімдерге арналған аккаунттарды» таныстырды.
Бұл функция аясында ата-аналар:
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше бұл функция халықаралық зерттеулер мен ата-аналардың сараптамалық ұсыныстары негізінде әзірленген. Жақын арада бұл мүмкіндік Қазақстандағы пайдаланушылар үшін қолжетімді болады деп жоспарланып отыр.
Тараптар кибербуллингтің алдын алу шаралары, зиянды контентке қолжетімділікті шектеу, сондай-ақ жасөспірімдердің құқықтары мен жеке шекараларын құрметтейтін онлайн-бақылау тетіктерін дамыту мәселелері қарастырылды.
Министр Жаслан Мәдиев ведомство азаматтардың, әсіресе балалардың мүддесіне қызмет ететін қауіпсіз әрі этикалық цифрлық ортаны қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.