Жол апаты Сайын көшесінде болды
Алматы қаласының Алатау ауданында 9 маусым күні сағат 21:40 шамасында ауыр жол-көлік оқиғасы болды. Lexus көлігі автобетононасоспен соқтығысып, салдарынан үш адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға Сайын көшесінде, солтүстік бағытта қозғалып келе жатқан Lexus маркалы көліктің Mercedes автобетононасоспен қашықтықты сақтамауы салдарынан болған. Қазіргі мәліметке сәйкес, ауыр техника сол сәтте жолда бұрылу маневрін жасаған.
Жол апаты салдарынан Lexus жүргізушісі және екі жолаушысы дене жарақаттарын алып,
әртүрлі медициналық мекемелерге жатқызылды.
Оқиға бойынша Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жол апатына қатысты тергеу жұмысын бастады.
Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде таралып, жеңіл көлік жүк көлігінің астына кіріп кеткені байқалады.