«Ішек бактериялары табылды»: Маңғыстауда оқушылардың жаппай улану себебі анықталды

Автор: Асыл Арман

Облыстағы 66 мектеп асханасының 65-інде санитариялық талаптар өрескел бұзылған

Фото: istockphoto.com

Маңғыстау облысындағы мектеп асханаларында жаппай заңбұзушылықтар анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тексеріс нәтижесі:

  • 66 мектеп асханасының 65-інде санитариялық талаптар өрескел бұзылған;
  • 57 айыппұл салынды – жалпы сомасы 18 млн теңгеден астам;
  • 60 ұйғарым, 62 қызметкер жұмыстан шеттетілді, 1 іс сотқа берілді.

Негізгі бұзушылықтар:

  • Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының жоқтығы;
  • Мерзімі өткен немесе құжатталмаған өнімдер;
  • Ыстық судың болмауы, санитариялық режимнің сақталмауы;
  • Медициналық тексерусіз қызметкерлердің жұмысқа жіберілуі;
  • Дизентерия мен стафилококк тасымалдаушылары;
  • Ыдыс-аяқтың дұрыс жуылмауы: 7,2% шайындыларда ішек бактериялары табылған.

Министрлік пен әкімдік кеңес өткізді

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай мектеп тамағының сапасына қатысты кеңес өткізді.

«Былтыр Мұнайлы ауданында 459 оқушы уланғанына қарамастан, заңбұзушылықтар қайталанып отыр. Бұл мектеп әкімшілігінің балалар қауіпсіздігіне формалды қарайтынын көрсетеді», — деді Санэпидбақылау комитеті төрағасының орынбасары Роза Қожапова.

Қосымша ескертулер:

  • Бракераж комиссиясының әлсіз жұмысы;
  • Медициналық кітапшалар тексерусіз беріледі;
  • Білікті персоналдың жетіспеушілігі;
  • Топтық улану қаупі жоғары.

Қандай шаралар қабылданады?

  • Санэпидбақылау департаментіне – профилактиканы күшейту, ақпараттық жұмыстарды жақсарту;
  • Білім басқармасына – асханаларды стандартқа келтіру, конкурстық құжаттарды бақылау;
  • Денсаулық сақтау басқармасына – медициналық кітапшаларға қатаң бақылау орнату.

Эпиджағдай және вакцинация:

  • Маңғыстауда эпидемиологиялық жағдай тұрақты
  • Қызылша, қызамық, паротитке қарсы иммундау деңгейі – 83,9%
  • Министр аймақтағы вакцина қоймасын тексерді, «суықтық тізбегінің» сақталуы расталды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі білім беру мекемелерін жаңа бақылау тәсілдерімен қамтуды жоспарлап отыр:

  • Балалар баратын нысандарға ерекше мәртебе беру;
  • Тексеру туралы алдын ала хабарламаны алып тастау;
  • Мониторингтік сапарлар жүйесін енгізу.

Бала денсаулығы — басты назарда!

Министрлік мектептерде қауіпсіз, сапалы тамақтануды қамтамасыз ету мақсатында қатаң әрі жүйелі шаралар қабылдап жатыр.