«Мен сізді жақсы көремін»: төрт баласы бар Қайрат Нұртас танымал әншіге сезімін білдірді (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Ол сахна үстінде сезімін білдірді

Фото: Видеодан скрин

Қазақстандық әнші Қайрат Нұртас ресейлік әріптесі Ирина Нельсонға сахнаның үстінде сезімін білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ресейлік әншінің концерті Волгоград қаласында өтті. Кеш барысында қазақстандық әнші бір құшақ гүлін ұстап сахна үстіне шықты.

«Ирина, мен сіздің шығармашылығыңызды жақсы көремін. Тек қана сәттілік тілеймін! Мен сізді жақсы көремін», - деді Қайрат Нұртас.

Айта кетейік, осыған дейін Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жүкті екенін көрсетіп, суреттерін жариялаған.