Астана LRT-ның алғашқы вагондары жеткізілгені туралы видео тарады

Автор: Асыл Арман

Видеода вагондардың арнайы көлікпен жеткізілгені көрсетілген

Фото: Видеодан скрин

Желіде Астана LRT-ның алғашқы вагондары жеткізілгені туралы видео жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видеода LRT вагондарының арнайы қаптамамен қапталғанын, оның арнайы көлікпен жеткізілгенін байқауға болады.

«Орталық Азиядағы алғашқы жеңіл рельсті көлік жобасын Hai Shi Tong International Logistics Co. Ltd компаниясы жүзеге асырды», - деп жазылған вагондардың сыртқы қаптамасына жазылған жазуда.

Айта кетейік, осыған дейін Астанада LRT желісінде рельс жолының 11 шақырымы төселгені туралы хабарланған болатын. Жеңіл рельсті вагондар биыл күзде сынақ режимінде жүретін болады.