Көлік жүргізушісі жол апатынан зардап шекті
Астанада Volkswagen Golf автокөлігі жол жиегіндегі жарық бағанына соғылып, ішіндегі жүргізушісі зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға бүгін Момышұлы даңғылының Абылай хан даңғылынан келе жатқан бағытында, Қордай көшесінің қиылысында тіркелді.
Астана қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Volkswagen Golf жүргізушісі тыйым салынған қызыл шамға өтіп, рөлге ие бола алмай, көше шамы орнатылған бағанаға соғылған. Бағанада бейнебақылау камералары да орналасқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші зардап шекті. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр.