ІІМ цифрлық қауіпсіздік бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр
ІІМ-нің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесе отырып, қазақстандықтардың жеке мәліметтерін интернетте заңсыз сатқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тергеу барысында анықталғандай, ақпараттар мемлекеттік деректер базаларынан заңсыз алынған. Кейбір мәліметтер тіпті коллекторлық компанияларға берілген. Бұл деректердің таралуы көбінесе Telegram мессенджері арқылы жүзеге асырылған.
140-тан астам күдікті, оның ішінде компания иелері мен Telegram арна әкімшілері ұсталды;
Құқық бұзушыларға қатысты мына баптар бойынша қылмыстық істер қозғалды:
ІІМ Киберқылмысқа қарсы департаментінің бастығы Жандос Сүйінбайдың айтуынша, осы заңсыз әрекетке қатысы бар адамдардың толық шеңбері анықталу үстінде. Министрлік азаматтардың дербес мәліметтерін қорғау және интернеттегі заңсыз таралымына тосқауыл қою бағытында жүйелі жұмыстарын жалғастырады.