Ол президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келеді
Астанаға алдағы күндері Словакияның премьер-министрі Роберт Фицо келеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Словакия премьер-министрі Роберт Фицо 10-11 маусымда келеді.
«Келіссөздер барысында Қазақстан президенті мен Словакия Үкіметінің басшысы қазақ-словак серіктестігін кеңейту перспективасын талқылайды», - делінген Ақорда хабарламасында.