Оны рейд барысында құтқарушылар байқап қалған
Алматы қаласының Бостандық ауданында құтқарушылар жас мотоцикл жүргізушісін құтқарып қалды. Бұл туралы Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Рейд барысында Үлкен Алматы шатқалында жүрген құтқарушылар мотоциклмен келе жатып 10 метрлік жыраға құлаған жасөспірімді байқап қалған. Ол туристік сапармен жүрген.
Құтқарушылар жедел түрде алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жасөспірімді жедел жәрдем тобына тапсырған. Оның қазіргі жағдайы туралы нақты мәлімет берілмегенімен, көмек уақытылы көрсетілген.
Төтенше жағдайлар қызметі таулы аймақтарда серуендейтін азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға және қорғаныс құралдарын қолдануға шақырады.