430 текше метр су жиналды
Ақтауда толассыз жауған жаңбырдан кейін қаланың бірнеше көшесінде жаңбыр суы жиналып, жол қозғалысына кедергі келтірді. деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, коммуналдық қызметтер 430 текше метрге жуық жаңбыр суын сорып шығарған.
Су басу жағдайлары келесі аумақтарда тіркелді:
Қазір де жаңбыр суын сору жұмыстары жалғасып жатыр. Мамандар қауіпті аймақтарды бақылауда ұстап отыр.
«Су сору жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Арнайы техникамен тұрғындарға кедергі келтірмеу үшін жұмыстар түнгі уақытта да жалғасады», – делінген әкімдік хабарламасында.