«Ролан Гаррос» турнирін Кори Гауфф жеңіп алды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Кездесу мынадай есеппен аяқталды: 6:7, 6:2, 6:4

Фото: Instagram/cocogauf

«Ролан Гаррос» турнирінде әйелдер арасындағы жекелей сында финалдық матч өтті. Онда америкалық Кори Гауфф (WTA рейтингінде 2-орында) беларусьтік теннисші Арина Соболенкодан(WTA рейтингінде 1-орында) басым түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кездесу мынадай есеппен аяқталды: 6:7, 6:2, 6:4.

Айта кетейік, бұл кездесуде фаворит ретінде беларусьтік теннисші есептелген еді. Америкалық спортшы үшін бұл – «Ролан Гаррос» турниріндегі алғашқы чемпиондық титул. Бұған дейін оның ең жоғары нәтижесі – 2022 жылы финалға шығуы болған.

«Ролан Гаррос» турниріндегі жеңісі үшін Кори Гауфф 2 550 000 еуро мен 2000 рейтингтік ұпай алады. Ал Арина Соболенко финалға қатысқаны үшін 1 275 000 еуро және 1300 ұпайға ие болады.