Ақмола облысында ер адам трактордың астында қалып мерт болды

Автор: Дәулет Ботагөз

Қайғылы оқиға Державинск маңында болды

Фото: полиция департаменті

Ақмола облысында полиция қызметкерлері тағы да қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырып отыр. Бұл жолы қайғылы жағдай 2025 жылдың 6 маусымында сағат 13:30 шамасында Державинск қаласынан екі шақырым жердегі далалық жолда болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Оқиғаға «Lunking» маркалы дөңгелекті трактор себеп болған.

Жолаушы қауіпсіздік ережесін елемеді

Полиция департаментінің мәліметінше:

  • Трактор кабинасында бір ғана орын болғанына қарамастан, жолаушы фильтр кассеталарының үстіне отырған;
  • Жүріс кезінде жолаушы тепе-теңдігін жоғалтып, жерге құлаған;
  • Ер адам артқы дөңгелектің астына түсіп, оқиға орнында көз жұмған.

«Ведомство мәліметіне сәйкес, жүргізуші мас емес болған. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша (абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу) сотқа дейінгі тергеу басталды», – деді полиция өкілдері.

Трактор айыптұраққа қойылды

  • Трактор арнайы айыптұраққа жеткізілді;
  •  Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Полицияның ескертуі

Полиция департаменті жұмыс берушілер мен арнайы техникалардың иелеріне мына талаптарды орындауды ескертеді:

  • Қауіпсіздік техникасы бойынша тұрақты нұсқаулық өткізу;
  • Тасымалдау ережелерін қатаң бақылау;
  • Техниканы тек тиісті талаптарға сай пайдалану.

«Мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін әрбір техниканы пайдаланушы жауапкершілікті сезінуі тиіс», — дейді тәртіп сақшылары.