Қазіргі уақытта өрт сөндірілді
Астанада элиталы тұрғын үй кешендерінің бірі қызыл жалынға оранды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ дерегіне сүйенсек, нақтыланған ақпарат бойынша тұрғын үй кешенінің кабілдік шахтасында 1-12 қабаттардағы 36 т.м. электр сымдарының сыртқы қаптамасы және жертөледе жиналған жиһаз 5 ш.м. алаңда жанған.
«ТЖД күштерімен құтқару қалпақтарының көмегімен баспалдақпен 4 адамды құтқарылды. Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталып жатыр», - делінген ведомство хабарламасында.